Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 679 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1061 Қаулысымен. (08.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 321-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінде: 
"жолдауы," деген сөзден кейін "бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және" деген сөздермен толықтырылсын; 
"жергілікті бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалаулар" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау."; 
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"2-1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау;";
4-тармақтағы "шілдесіне" деген сөз "маусымына" деген сөзбен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын: 
"4-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде түсімдердің болжамды көрсеткіштерін және өңірдің белгіленген стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, тиісті қаржы жылының облыстық бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды. 
4-2. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетін нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей қабылданады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"3-тарау. Бюджет шығыстарының лимиттерін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау";
"теріс операциялық сальдоның жол берілетін шектегі мөлшері," деген сөздер алынып тасталсын;  
"жол берілетін шектегі мөлшері" деген сөздер "жол берілетін шектегі мөлшерлері" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi