Близость слов: Окончание:





Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 787 Қаулысы
Редакция 11.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiлiп отырған Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 28 шілдедегі
 N 787 қаулысымен
 бекiтілген
Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ЕРЕЖЕСI
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін есепке алу және есептен шығару ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери бөлімдерде, мемлекеттік мекемелерде, әскери оқу орындарында (бұдан әрі – әскери бөлімдер) жарамсыз (шекті) күйге келген сапасын жоғалтқан қаруды, әскери техника мен өзге де әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2016 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы № 69 (28797) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1. Жеке пайдаланудағы заттай мүлік – жабдықтау нормалары бойынша әскери қызметшілерге тұрақты жеке пайдалануға (түгендеу мүлкінен басқа) босатылатын заттай мүлік заттары, атап айтқанда киім-кешек, аяқ киім, киім, жылы заттар және амуниция.
Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.04.2016 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы № 69 (28797) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Әскери бөлiмдердегi әскери мүлiктi есепке алу "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына  және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне  сәйкес жүргізiледi. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.05.2011 № 565 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.05.2011 № 565 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 417 Қаулысымен (11.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2016 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы № 69 (28797) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Белгiленген қызмет, тозу, пайдалану, жарамдылық мерзiмдерi өткеннен кейiн жарамсыз (шектi) жай-күйге келген мүлiктi есептен шығару техникалық жай-күйiнiң актiлерi немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актілерi (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшалары ) бойынша жүргiзiледi. Кiнәлi адамдарға жатқызылғаннан басқа, уақытынан бұрын жарамсыз (шектi) жай-күйге келген және жоғалған мүлiкті есептен шығару инспекторлық куәлiктер (бұдан әрi - куәлiк) (осы Ереженiң 3-қосымшасы ) бойынша жүргiзiледi.
5. Оқу-жаттығу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлікті, сондай-ақ осы Ереженің 27-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер мүлік өзінің техникалық жай-күйі бойынша немесе жөндеуден кейін мақсаты бойынша бұдан әрі пайдалануға жарайтын болса, белгіленген қызмет мерзімдерінің өтуі, сондай-ақ мүліктің тозу құнының 100% есептелуі оны есептен шығару үшін негіз бола алмайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2016 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы № 69 (28797) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды.
Тіркелiмдерге, есепке алу кiтаптарына (карточкаларға) мүлiктi есептен шығару туралы жазу агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк кiрiске алынғаннан немесе кәдеге жарату актісі жасалғаннан кейiн ғана бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) негізiнде жүргізiледi.
Техникалық жай-күйінің актiлері немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) бекітілген жөндеу және оқу-жаттығу мақсаттары үшін жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк тіркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша металл сынығы, ескі зат және басқа да мүлiк ретінде кіріске алынады және ол пайдалану, сату немесе кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.10.2012 № 1289 Қаулысымен. (24.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 11.10.2012 № 1289 Қаулысымен. (24.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi