Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 118 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының экономикалық сараптамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.03.2015 жылғы № 202 Бұйрығын қараңыз
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 118 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасы
1. Осы Қағида "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасына экономикалық, экологиялық және құқықтық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы шарттың жобасы;
2) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
3) құқықтық сараптама — келісімшарт жобасының құрылымы мен мазмұнының Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен модельдік келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылатын талдау және бағалау;
4) экономикалық сараптама - келісімшарт талаптарының конкурста жеңіске жетуге негіз болған конкурстық ұсынысқа немесе тікелей келіссөздер талаптарына сәйкестілігін тексеру мақсатында жүзеге асырылатын талдау және бағалау, жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшарттың экономикалық тиімділігі мен орындылығын, жер қойнауын пайдаланушының кен орындарын игеру кезінде бекітілген жобалау құжаттарына жоспарланатын салымдар мен шығындардың негізділігін, жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік маңыздылығын талдау және бағалау;
5) экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарына сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектісін іске асыруға жол берілуін айқындау;
6) жұмыс тобы - келісімшарттар жобаларының шарттарын қарау және жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу бойынша ережелері мен құрамын мемлекеттік органдар ұсынған ұсыныстар мен кандидатулар негізінде құзыретті орган бекітетін жұмыс тобы.
Осы Қағидада қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келеді.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасына экономикалық сараптаманы экономикалық даму және сауда саласындағы уәкілетті орган, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшесі жүргізеді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасына экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.
Полная версия
ИС BestProfi