"Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадығы № 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1499 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасында:
«15. Кеден органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзету және лауазымды адамдар кедендік ресімдеу үшін қабылдаған басқа қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды кедендік ресімдеуді жүргізбейтін кеден органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді кеден органы (кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, посткедендік бақылау ұйымдары) бөлімшелерінің лауазымды адамы толтырады және кедендік кірістер бөлімшесіне жібереді.
«20. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін мынадай деректемелер көрсетіледі:
«23. Ашылған кезде заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі:
5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі көрсетіледі.»;
«44. Кеден органының лауазымды адамы төленушімен бірге жылына бір рет Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда төлеуші кеден органына мынадай құжаттардың:
2) кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзетулер және олар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге құжаттар;
3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген өзге құжаттар көшірмелерін он жұмыс күні ішінде ұсынады:
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі екі данада жасалады, бір данасы кеден органында қалады, екіншісі төлеушіге беріледі.»;
«50. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар кеден органы қабылдайды.
Берешек қалыптасқан күннен бастап бес жыл (қоса алғанда) ішінде өтелмеген берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану үшін кеден органында кеден органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы болып кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам тағайындалады. Комиссияның құрамына міндетті түрде заң қызметі, кедендік кірістер және посткедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды адамдары енгізіледі.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығару үш данада ресімделетін және комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті есептен шығару актісін кеден органының басшысы бекітеді.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен кеден органында:
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате)
төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын,
аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару,
қайтару (есепке жатқызу) қағидасына
қосымша
___________________________________________________________ беру үшін
(төлеушінің атауы / Т.А.Ә.) беру үшін төлеушінің СТН ____________________________________________ ЖСН/БСН (бар болған жағдайда) _______________________________________ ____________________________________________________________ берілді
(бенефициар салық органының атауы) бенефициар салық органының СТН ______________________________________ БСН (бар болған жағдайда) ___________________________________________
Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы мынадай себептер бойынша қалыптасты (тиісті ұяшықта (тарда) R көрсетіңіз:
*3-бағанды толтырған кезде артық төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қалыптасуының әрбір себебінің нақты сипаттамасын негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар төленген құжаттардың; негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) құжаттардың, негізге алынып бастапқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып беру қажет.
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасына
1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке
алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың
түрлері бойынша жеке шоттарын
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Тізілімді:__________________________________________________ тапсырды
(ресімдеу, посткедендік бақылау және т.б. бөлімдері қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы)
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасына
3-қосымша