Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын », «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағы 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7772 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
2. Күші жойылды деп саналсын:
1) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4334 тіркелген, 2006 жылғы 31 қазандағы № 190 (1170) «Заң газетінде» жарияланған);
2) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 01 маусымдағы № 96 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4747 тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы № 95 (25340) «Егемен Қазақстанда» жарияланған).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының Бірінші орынбасары, қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Төраға Р. Түсіпбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
2012 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 бұйрығымен бекітілген
Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қаржы полициясы академиясына тыңдаушыларды оқуға қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ереже) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім беруді ұйымдастыруда оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Академияға күндізгі оқу нысаны бойынша оқу үшін орта арнаулы білімі бар он алты жасқа толған, қаржы полициясы органдарына және кеден қызметіне денсаулығы бойынша жарамды тұлғалар қабылданады.
Академияға оқуға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша шетел азаматтары қабылданады.
Полная версия

