1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
"Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы»;
«1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасын, 18-тармағының 12) тармақшасын және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасын, 18-тармағының 17) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықаралық авиамаршрутта жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тұрақты әуеде тасымалдауды орындау құқығына авиакомпаниялар үшін конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға авиакомпания айқындау мақсатында өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Конкурсқа осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпания қатыса алады.
5. Конкурсқа шығарылатын әрбір авиамаршрут жеке лот болып табылады.
Полная версия