Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы; 
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.06.2009 № 959 Қаулысымен
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.04.2011 жылғы № 352 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (04.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 41 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.02.2012 жылғы № 194 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (02.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 660 Қаулысымен (26.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1494 Қаулысымен (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу; 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi (әкетудi) реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу; 
Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
кедендiк баж ставкаларын өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерiне қосылу шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру үдерiсiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндiрушiлерге елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактiсi немесе осындай зиян келтiру қаупi бар немесе жоқ екенi туралы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиiстi қорытындысы негiзiнде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлеу; 
тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу; 
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне оның сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудiң (әкетудiң), оның iшiнде сандық тыйымдарын немесе шектеулерiн қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау;
Кеден одағы преференцияларының ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әрiптестерiмен, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелерi жөнiндегi ұстанымын әзiрлеу болып табылады.
6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде: 
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру, тауарлардың импорты кезiнде тарифтiк квоталарды, iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды, кеден-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады; 
Комиссияның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады.
7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. 
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
11. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 № 660 Қаулысымен (26.03.2013 жылғы редакцияны қараңыз)
Комиссияның мүшелері уақытша болмаған жағдайларды (іссапар, демалыс, сырқаттану) қоспағанда, олар отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Мұндай жағдайларда, тиісті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды тұлға қатысады.
Комиссия мүшесі өзінің лауазымдық міндеттерін тоқтатқан жағдайда, Комиссия отырысына осы қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның орнына тағайындалған тұлға қатысады.
11-1. Өкілдері Комиссия құрамына қосылмаған мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырысына қатысу үшін осы мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.06.2009 № 959 Қаулысына сәйкес
11-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 660 Қаулысымен (26.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады. 
Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
14. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 123-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 367-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 506 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 733 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 23, 299-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi