Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы
Тақырып өзгертілді ҚР Президентiнiң 19.02.2013 жылғы № 505 Жарлығымен (14.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 312 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.01.2023 жылғы № 78 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.11.2023 жылғы № 398 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 16.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті
 мен Үкіметі актілерінің жинағында
 жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 19.02.2013 жылғы № 505 Жарлығымен (14.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.01.2023 жылғы № 78 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.11.2023 жылғы № 398 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамалары;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 19.02.2013 жылғы № 505 Жарлығымен (14.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 312 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларды, сондай-ақ оларға куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 19.02.2013 жылғы № 505 Жарлығымен (14.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-құжат; 2002 ж., № 16, 169-құжат):
тақырыбындағы "мен ведомстволық наградалары" деген сөздер алып тасталсын;
кіріспесіндегі "нышандары мен ведомстволық наградаларын" деген сөздер "нышандарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандарын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.";
"6. Нышандарды дайындау бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат):
Полная версия
ИС BestProfi