Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.12.2020
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсан N 152 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5109 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 152 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Бүкіл мәтін бойынша: тараулар параграфтардың тақырыптарының нөмірлері алдында "§" белгімен толықтырылды, «Саудаға арналған», «саудаға арналған» сөздер тиісінше «Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын», «әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын» сөздермен ауыстырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 80, 31.01.2011 № 4 (24.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның (бұдан әрі – банктер) бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 тіркелген «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдер есебiн жүргiзу ережесiн бекіту жөнінде» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дисконт (жеңілдік) – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін/шығыстарын құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын теріс айырма сомасы;
2) кредиттік дериватив – активті жеке сатуды қолдамай, актив бойынша кредиттік тәуекелді бір тараптан (бенефициардан) басқа тарапқа (гарантқа) ауыстыруға мүмкіндік беретін қаржы құралы;
3) кредиттік-дефолт свопы – екіжақты қаржы құралы, мұнда бірінші тарап (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатып алушы) кезеңдік төлемдерді басқа тарапқа (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатушыға) кредиттік жағдайдың басталуына негізделген төлемге айырбас ретінде жүргізеді;
4) сыйлықақы – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің шығыстарын/кірістерін құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын оң айырма сомасы;
5) сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы – сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) сомасын пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып банктің кірістеріне немесе шығыстарына біртіндеп жатқызу.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 80 Қаулысымен (24.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi