Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2014
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 860 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 21 ақпандағы
 N 237 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық меншік болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтаудың және шығарудың тәртібін белгілейді. Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2010 жылғы № 1050 Қаулысымен (29.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар қоры; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, қарызға беру және броньнан шығару мерзімін көрсете отырып, оларды жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - операция жасау жоспары).
Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу
3. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
республикалық бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен. 
Бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады.
4. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізу номенклатураға қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
6. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен тиеп жіберу және оған жеткізіп берудің қағидалары ИНКОТЕРМС талаптарын есепке ала отырып, шарттарда қамтылады. 
7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын әрбір жеткізіп беру (тиеп жіберу) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың немесе мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты тұлғасы қол қойған және мөрі басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.  
8. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтары техникалық регламенттер сәйкес болуы, ұзақ уақыт сақтауға дайын болуы, ал олардың сапалық жағдайы өнімнің сертификаттарымен, паспорттарымен, сынақ хаттамасымен немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
9. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыстарды орналастыруда отандық өндірушілер басымдыққа ие.
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару
10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
4) - 6) Тармақтар алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 № 59 Қаулысымен
11. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару туралы шешімді уәкілетті орган Операция жасау жоспарына сәйкес қабылдайды. 
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару материалдық құндылықтардың сақтау мерзімдері өтіп кетуін болдырмау мақсатында сол тақылеттес материалдық құндылықтардың сондай мөлшерін және сондай сапасын сонымен бір мезгілде немесе уақыт алшақтығымен жеткізіп және сала отырып, жүргізіледі.
12. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару нарық бағалары бойынша жүргізіледі. 
13. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту не броньнан шығару тәртібімен шығару, ізгілік көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына беру жағдайларын қоспағанда, тендер нысанында, уәкілетті орган белгілеген  тәртіппен жүзеге асырылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 № 59, 29.04.2010 № 368, 11.10.2010 № 1050 Қаулыларымен. (21.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарудың міндетті шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған  тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдік беруі болып табылады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
14-1. Материалдық құндылықтарды шығару броннан алу тәртібімен жүзеге асырылады: жұмылдыру мұқтаждары үшін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау кезінде; ізгілік көмек көрсету кезінде; нарыққа реттеушілік ықпал етуді қолданған кезде; мемлекеттік резерв номенклатурасынан алып тасталған, сондай-ақ тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою кезінде.
Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысына сәйкес
Адамдардың денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 № 59 Қаулысымен. (21.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
15-1. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Операция жасау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.10.2010 жылғы № 1050 Қаулысына сәйкес
Мемлекеттік материалдық резервтің басқа мемлекеттік органдардың балансына берілген материалдық құндылықтарының құнын өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар олардың балансына мемлекеттік материалдық резервтен жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарды берген сәттен бастап он күн мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне берілген материалдық құндылықтардың құнын салу бағасынан төмен емес баға бойынша өтеуді қамтамасыз етеді.
16. Мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен алу олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін  тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдігі берілген жағдайда жүргізіледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
Мемлекеттік резервтен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін есеп айырысу ақшалай немесе айырбасқа тауарлар жеткізіп беру арқылы жүргізілуі мүмкін.
16-1. Материалдық құндылықтарды сақтау пунктінен немесе уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымының филиалынан шығару кезінде беру наряд негізінде жүзеге асырылады.
Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысына сәйкес
Нарядтың нысаны мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
17. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға шарт (келісім-шарт) тендерлік комиссияның шешімі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті орган не уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын алушылар арасында жасалады. 
18. Материалдық құндылықтардың техникалық регламенттер талаптарына, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін растау мақсатында мүдделі тұлғаларға уәкілетті органның шешімі бойынша жаңарту және броннан шығару тәртібімен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының үлгілері ақылы негізде берілуі мүмкін.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 59 Қаулысымен (21.02.2002 ж. редакцияны қараңыз)
19. Мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу ретінде алынған ақшалай және басқа да қаражат бюджетте есептелуге жатады.
19-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 23.01.2008 № 59 Қаулысымен
 19-1 (21.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(құпия), 19-1 -тармақтарға өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.01.2008 № 17 Қаулысымен.(құпия)
Материалдық құндылықтармен операциялар жасау бойынша жауапкершілік
20. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы нормативтік құқықтық кесімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне  сәйкес жауапты болады.
Полная версия
ИС BestProfi