Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.08.2021 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес 
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (10.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінде:
"Сертификаттау схемаларын қолдану" деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.";
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының 1-тармағының алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 10 желтоқсандағы
 N 2071 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 15-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 45-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 760 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 35, 372-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi