Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қаңтар N 121
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.12.2009 № 2071 Қаулысымен (24.01.2000 жылғы редакцияны қараңыз). ҚР Үкіметі қаулы етеді:(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген
тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында,
нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты
болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын";
2) 2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.
Полная версия

