Мемлекеттік органның бірінші басшысының А.Ж.Т. қолы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 12-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2014
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 24.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 26.05.2014 жылғы № 541 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 135-құжат);
2) "Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбелерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 137-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 қаулысымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2012 жылғы № 861 Қаулысымен (15.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.12.2012 жылғы № 1566 Қаулысымен (27.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:
1) бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу;
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
4) сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
Полная версия