Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010
Дәрілік заттардың есебін жүргізу жөніндегі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 216 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5224 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 310 Бұйрығымен. (16.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 962 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Дәрілік заттардың есебін жүргізу жөніндегі ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануына жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы С.А. Баймұқановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрі
 міндетін атқарушының
 2008 жылғы 16 сәуірдегі
 N 216 бұйрығымен
 бекітілген
Дәрілік заттардың есебін жүргізу ережесі 
1. Амбулаториялық-емханалық, стационарлық, жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі - денсаулық сақтау ұйымдары) ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан есеп жүргізуге мыналар жатады:
1) республикалық, жергілікті бюджеттерінің, бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынған, клиникалық сынақтарды жүргізу үшін, ізгілік көмек арқылы келіп түскен, жоғары тұрған ұйымның рұқсаты бойынша немесе басқа денсаулық сақтау ұйымдарының балансынан берілген дәрілік заттар;
2) Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен асыра пайдаланылуына қарсы әрекет жасау шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279 Заңына сәйкес бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың есебін жүргізу топтары: 
медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура).
Полная версия
ИС BestProfi