Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 121 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1345 қаулысымен
 бекітілген
Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары
1. Осы Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындалады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді әрі сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы (бұдан әрі – БЭЖ);
2) істен шығу – энергия кәсіпорнының немесе оның жабдығының жұмысқа жарамды жай-күйінің бұзылғанын білдіретін үдеріс;
3) қате әрекет – персоналдың технологиялық бұзушылықтардың туындауына әкелетін немесе алдын алмаған әрекеті немесе әрекетсіздігі;
4) жүктемені толық түсіру – электр және жылу жүктемесін бір мезгілде түсіру;
5) бос тұру – энергия қондырғысының жұмыссыз жай-күйі;
6) тексеру – технологиялық бұзушылықтың туындау себептерін анықтау үшін құрылған комиссия жүзеге асыратын іс-шара;
7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
8) дүлей құбылыс – энергия қондырғылары және олардың жекелеген элементтері есептелген қоршаған ортаның шекті параметрлерінің (табиғи сипаттағы) артуы;
9) технологиялық бұзушылық – жабдықтың және (немесе) желілердің, оның ішінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына әкелетін жану немесе жарылу, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықтың еріксіз ажыратылуы немесе жұмысқа жарамдылығының шектелуі немесе оның ақаулылығы салдарынан істен шығуы немесе бүлінуі.
Полная версия
ИС BestProfi