Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.10.2015 жылғы № 18-02/897 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 11 қарашадағы
 № 1329 қаулысымен
 бекітілген
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары
1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін анықтайды.
1) тұқымдар мен отырғызу материалдарын - ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;
2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалдары - карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;
3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалдары - фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы карантиндік объектілер және басқа да ерекше қауіпті зиянкес организмдермен жасырын залалдану нысанына интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда тексерілуге жатады.
2. Тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі
4. Пайдалануға рұқсат етілген тұқымдар жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және олардың топырақтағы өнгіштігін арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
5. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: стратификация (қар шашу), тұқымдардың сыртқы жамылғысына механикалық, жылу және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен сәулелендіру, тұқымдарды дезинфекциялау және дезинцекциялау.
6. Тұқымдарды себу алдында дайындаудың негізгі тәсілі стратификация болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi