Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 Қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже;
2) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. «Кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 350 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 188-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 тамыздағы
 № 315 қаулысымен
 бекітілген
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипажды басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Кемелер экипаждарының мүшелеріне диплом беру, сондай-ақ ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кемелердің командалық құрамының адамдарын және экипаждың басқа да мүшелерін аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемеде орналасқан адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті - командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір келесі үш жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелерінің біліктілік деңгейін анықтау бойынша жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар немесе біліктілік куәліктері беріледі.
3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.
4. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
5. Комиссия қызметінің мақсаты кемелердің командалық құрамының және экипаждың басқа да мүшелерінің ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін белгілеу болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi