"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.10.2015
Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 706 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5908 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2015 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі;
2) 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2412 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу Ережесін және Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 479 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 706 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
1. Халықтың арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу науқастың тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан науқасты тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
2. Емдеу-алдын алу ұйымдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жеке есепке алуға Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесіне сәйкес (осы бұйрыққа қосымша) барлық жұқпалы және паразиттік аурулар жатады.
Жеке есепке алынуға жататын әрбір ауру жағдайына (күдікті) шұғыл хабарлама толтырылады, ол 12 сағат ішінде аурудың тіркелген жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі. Бұдан басқа, жедел тәртіппен телефон арқылы ақпарат беріледі.
3. Карантиндік аурулар, алапес, тері аурулары мен жыныстық жолмен берілетін тері аурулары, туберкулез, АҚТҚ-дан туындайтын аурулар:
1) оба, тырысқақ, сары қызба аурулар мен оларға күдікті әрбір жағдай туралы науқасты анықтаған медицина қызметкері шұғыл хабарлама жасайды, оны 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жібереді. Бұдан басқа, телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы кейіннен жазбаша түрде растай отырып, жоғарыда тұрған денсаулық сақтау органдарына (облыстық басқармалар, департаменттер, Денсаулық сақтау министрлігі) кезектен тыс хабарлама жібереді. Телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы жіберілетін хабарламада аурудың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілмейді;
2) өмірінде ең алғашқы рет қойылған алапес ауруының және алапес рецидивінің әрбір жағдайы туралы үш данада арнайы хабарлама жасайды. Бір данасы лепрозорийдің эпидемиология бөлімінде қалады, екіншісі - 3 күнтізбелік күннің ішінде облыстық тері-венерология диспансеріне беріледі, үшіншісі - 5 күнтізбелік күннің ішінде тері-венерология ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі;
3) сифилис, гонорея, хламидий инфекциялары, трихофития, микроскопия, фавус, қышыма аурулардың әрбір жағдайына хабарлама толтырылады. Хабарлама 3 күнтізбелік күннің ішінде аудандық (қалалық) тері-венерология диспансеріне (бөлімшесі, кабинеті) жіберіледі.
Полная версия