Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 21 сәуір N 378
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 18.08.2003 жылғы № 1167 жарлығымен (11.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600
Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 436-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы "есепті" деген сөзден кейін "және тікелей бағынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 11.02.2002 жылғы № 805 жарлығымен (21.04.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы N 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 88-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы N 3692 Жарлығының 2-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 4034 Жарлығының 3-тармағының екінші абзацы, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Полная версия