Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2022
Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3148
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бұйырамын: 
1. Қоса беріліп отырған Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Осы бұйрық белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін. 
3. Осы бұйрықтың орындауын қадағалау төрағаның орынбасары Қ.Ө.Раймбековке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігі төрағасының
2004 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 72-Ө-а бұйрығымен бекітілген
Қағидалардың оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалар
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Осы Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес жасалған және жерге орналастыру қызметінің көрсетілген түрлерін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Атқарушы органдардың шешімі немесе мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің немесе жер пайдаланушыларының өтініші бойынша жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыруды орындайтын азаматтар және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - Жерге орналастырушы) жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылады.
Мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушыларының өтініштері бойынша жерге орналастыру жұмыстары олардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 20.01.2012 № 12-ОД (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз) бұйырығымен.(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстары келесі тізбек бойынша атқарылады: 
жерге орналастыру құжаттарының қарастырылуы, келісілуі және бекітілуі; 
4. Жерге орналастыру жұмыстарының орындалуы жөніндегі келісім-шарт жасасқаннан кейін Жерге орналастырушы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері, жерге орналастыру, қала құрылысы құжаттары, картографиялық және жерді пайдаланумен байланысты мәліметтері мен құжаттары негізінде жер учаскесі туралы және оның орналасқан аумағы туралы мәліметтерді зерттеп, талдау жасайды. 
Қажетті жағдайда Жерге орналастырушы бекітілген тәртіп бойынша жер учаскесі туралы немесе оның орналасқан аумағы туралы ақпараты бар ұйымдардан жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрайды. 
Ақпаратты айқындау және (немесе) жетіспейтін ақпаратты анықтау мақсатында дала жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
5. Жерге орналастыру жобасын жасау бойынша жұмыс мазмұны осы жұмыстарды жүргізу тапсырмасымен (келісім-шартымен) анықталады және оған: 
жердің қазіргі жағдайын және пайдаланылуын талдау; 
аумақтарды және алаптарды пайдалануды реттестіру мен ұйымдастыру; 
жер пайдаланумен байланысты басқа құжаттарды дайындау жатады.
6. Жерге орналастыру құжаттарының қарастырылуы, келісілуі және бекітілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 150 бабының 4 тармағымен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.
7. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру мәліметтері мен құжаттарын ресімдеуді және беруді қамтиды.
8. Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижесінде алынған және жасалған құжаттар мен мәліметтер жерге орналастыру құжаттамасын құрайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 24.12.2008 № 268-П бұйырығымен (24.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Жерге орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу мақсатында жер учаскелерін тіркеу бойынша жұмыстарды өндіру үшін жерге орналастыру құжатының бір көшірмесі мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) беріледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес жерге орналастыру құжаттамасындағы жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын жерге орналастыру құжатын бекіткен өкілетті органдар қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 158-бабының 5-тармағына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамаға бекітілген жерге орналастыру құжаттамасынан жер учаскелері туралы енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын Мемлекеттік корпорация қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi