Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.04.2015 жылғы № 262 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiліп отырған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 23 желтоқсандағы
 № 1595 қаулысымен
 бекiтiлген
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары
1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әртүрлі топтарын сақтау мен тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мынадай:
1) өндіруші зауыт белгілеген шарттарға сәйкес, сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта, қаптамаларда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында, медициналық техниканы пайдалану құжаттарында, қаптамасында (ыдысында), затбелгісінде, кольереткасында, контрэтикеткасында, жазба белгісінде, жапсырмасында (стикерде) көрсетілетін олардың бүкіл жарамдылық мерзімінде қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда;
2) контаминацияны, қиылысу контаминациясын және араласуды болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерді сақтау үй-жайларында (дәріхана, дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру ұйымдары) жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ангро-өнім - өнімнің өндірілуі мен ірі бөлшектеп өлшеп өткізілуін сипаттайтын және оның дайын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру мақсатында одан әрі өңделуін көздейтін өнімнің статусы;
2) дәрілік субстанция - шығу тегіне қарамастан, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған, белгілі фармакологиялық белсенділігі бар заттек немесе заттектердің қосындысы;
3) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - мерзімі біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн;
4) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы үдерісін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
5) тұтыну қаптамасы - тұтынушыға дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен бірге түсетін және көлік қаптамасының функциясын орындамайтын қаптама.
Тұтыну қаптамасы бірінші және екінші қаптамадан тұрады:
Полная версия
ИС BestProfi