Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 408 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 391-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінде: 
1-тармақтағы "жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"2-1) ведомстволық статистикалық есептілік мониторингін жүргізу;"; 
4) тармақшадағы ", оңалту іс-шараларының орындалуын мерзімдік бақылау, серпіндік қадағалау жүргізу, осы іс-шаралардың тиімділігін анықтау" деген сөздер "және олардың орындалу тиімділігін бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5) тармақшадағы "қалпына келтіру емделуі кезеңіне" деген сөздер алып тасталсын; 
6) тармақшадағы "деп танылуының барлық жағдайлары туралы" деген сөздер "деп танылуы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"7. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе анатомиялық кемістіктер мен жазылмайтын ауруларды қоспағанда, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді."; 
9-тармақ "пысықтауға қайтарады" деген сөздерден кейін "және бұл туралы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабардар етеді" деген сөздермен толықтырылсын; 
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"10. Куәландырылатын адамға медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның жолдамасы бойынша: 
1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша; 
2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша; 
3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі. 
Полная версия
ИС BestProfi