Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2009
Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1438
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.07.2009. № 1102 Қаулысымен (31.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 31.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 1999 жылғы 22 қыркүйектегi
 N 1433 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнің тәртiбi
1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетулерге: 
1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер; 
2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi қызмет көрсетулер; 
3) репиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер; 
4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер; 
5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер; 
6) жазғы демалысты ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетулер; 
7) үйiрмелiк қызметтi ұйымдастыру (базистiк оқу жоспарының шеңберiнен тыс) бойынша қызмет көрсетулер; 
8) спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру, төрешiлiк ету, оқушылардың арасындағы спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулер және медициналық қызмет көрсетулер; 
9) өзге де ақылы қызмет көрсетулер (музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшiн; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергия қондырғылары мен қазандықтары беретiн жылу энергиясын босату; оқу-көмекшi және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметi; оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының бiлiм алушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн бiлiм алушылардан түсетiн төлем; бiлiм алушылардың жұмысы үшiн мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат сату) жатады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.09.2000. № 1438, 15.08.2002. № 905, 29.09.2005. № 964 қаулыларымен.
2-1. Кәсiптiк бастауыш мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге кәсiптiк бастауыш бiлiмдi мамандарды қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету де жатады.
2-2. Кәсiптiк жоғары мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге мыналар да жатады: 
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнің (қаржы полициясы) жоғары оқу орындары көрсететiн қызметтердi қоспағанда, кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету;  
2) мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждер оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету.
2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің
15.08.2002. № 905, өзгертілді - 06.09.2004. № 936 қаулыларымен. (22.09.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2-3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің
31.12.2008. № 1306 қаулысымен). (14.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетiле алмайды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.08.2002. № 905 қаулысымен. (22.09.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының негiзiнде әзiрленген және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру органдарымен (аудандық, қалалық және облыстық) келiсілген жұмыстық оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.
5. Бiлiм алушыларға және (немесе) тәрбиеленушiлерге ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi мен ата-аналардың немесе бiлiм алушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында жасалатын шарттың негiзінде жеке кесте бойынша ұсынылады. 
Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету мәселелерi бойынша жасалатын үлгі шартты Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi. 
Осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында көрсетiлген ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету бiлiм алушыларға бастауыш және жоғары кәсiптiк мемлекеттiк бiлiм мекемелерi мен кәмелетке толған азаматтар немесе заңды тұлғалар арасында жасалатын шарт негiзiнде де ұсынылады. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2002. № 905, 24.02.2003. № 190 қаулыларымен. (22.09.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Бiлiм алушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерiн алудан бас тартуы Бiлiм алушыны және (немесе) тәрбиеленушiнi басқа сыныпқа (топқа) немесе мектепке (мекемеге) ауыстыру не шығару үшiн негiз болып табылмайды. 
Бұл ереже кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк жоғары мемлекеттiк бiлiм мекемелерi ұсынатын осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында көрсетілген қызметтер көрсетуге қолданылмайды.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2002. № 905, 24.02.2003. № 190 қаулыларымен. (22.09.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Оқушылардың және (немесе) тәрбиеленушiлердiң ата-анасынан немесе өзге де заңды өкiлдерiнен ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсеткенi үшiн ақша алу тараптардың қол жеткiзілген уағдаластығының негiзiнде тiркеу жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып, кассалық кiрiс ордерлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2002. № 905 қаулысымен. (22.09.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы жазбаша шарт жасалған жағдайда заңдарда белгiленген талаптардан басқа, шарт мiндеттi түрде пәндердiң және (немесе) сабақтардың атауы, олардың көлемi, қызмет көрсетудің құны, тараптардың жауапкершiлiгi туралы деректердi қамтуы тиiс.     
9. Ақылы білiм беру қызмет көрсетулерiнiң құнын тараптар қосымша сабақтардың мазмұны мен сапасы, сағаттардың саны, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгi, еңбекке ақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерінің тиiстi санаттары үшiн қосымша ақының ставкалары бойынша есептерден айқындайды.   
2. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуден түсетiн қаражатты пайдаланудың тәртiбi
10. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерiн iске асырудан алатын қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдаланудың тәртібінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
11. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледі.
Полная версия
ИС BestProfi