Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2015
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 720 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 796 Қаулысына сәйкес «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.03.2015 жылғы № 145 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.
2. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында деректер құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 720 қаулысымен бекітілген
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағыЗаңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау;
алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;
бастапқы құжаттама - өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз) 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1115 Қаулысымен (17.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1115 Қаулысымен (17.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1115 Қаулысымен (17.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистиканы жүргізуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбекті қорғау саласындағы жай-күй мен үрдістерді сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган статистикалық ақпаратты тузу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның деректер банкінен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негізінде жиналатын ақпаратты пайдаланады.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (21.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия