«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.02.2015 жылғы № 82 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысымен бекітілген
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы не ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады:
1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң) атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) өндірушінің заңды мекенжайы;
4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған жағдайда оның деректерін (тегін, аты-жөнін, қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);
5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
6) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі / БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуға тиіс;
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
8) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);
Полная версия