Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7603 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидалары бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 210 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 4442 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 190 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5451 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 26 наурыздағы
 № 136 қаулысымен
 бекітілген
Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидалары
Осы Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беруінің не жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында банк активтері мен міндеттемелерін ішінара не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізу процесінде кепілдік берілген депозиттер бойынша банктің міндеттемелерін қабылдайтын қатысушы-банкте (банктерде) депозиттерді орналастыруының тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.
1. Қағидаларды пайдалану үшін Заңмен белгіленген ұғымдар пайдаланылады.
2. Банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында банк активтері мен міндеттемелерін ішінара не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру операцияларын жүргізу процесінде депозиттерге міндетті кепілдеме беруді жүзеге асыратын ұйым Қағидаларда көзделген тәртіппен банктің депозиттерін уақытында қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында кепілдік берілген депозиттер жөніндегі міндеттемелерді қабылдайтын қатысушы банкке (банктерде) заем береді не депозиттерді орналастырады.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің арнайы резерв қаражаттары есебінен қатысушы банкке (банктерге) заем ұсынады немесе онда депозитті орналастырады.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкке (банктерге) заем қаражаттарының не қатысушы (қатысушылар) банкке (банктерге) орналастырылатын депозиттердің жиынтық мөлшері, олардың міндеттемелері беруге ұйғарылған, банктің барлық салымшыларына кепілді өтеу ретінде төлеуге жататын сомасынан аспайды.
Жекелеген қатысушы банкке ұсынылатын заем сомасы не онда орналастырылатын депозит сомасы жекелеген қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша қабылдайтын міндеттемелердің мөлшерінен аспайды.
5. Қатысушы банкке заем беруге не оған депозиттерді орналастыру жөніндегі шешімді қатысушы банктен өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде депозиттерді міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қабылдайды.
6. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке заем беру туралы не оған депозит орналастыру туралы шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган), консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке (банктің уақытша басқарушысына), (уақытша әкімшісіне) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігіне (уақытша басқарушысына) жібереді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банкке (банктерге) заемды ұлттық валютамен 3 (үш) жыл мерзімге дейін ұсынады.
8. Ұсынылатын заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі заем шартын жасасқан күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерінен аспайды.
9. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында банк активтері мен міндеттемелерін ішінара не толық мөлшерде, оның ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға ниет білдірген қатысушы банк заем алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға:
1) заемның мақсатын көрсете отырып заем беру туралы өтінішті;
3) бұрын алған заемдарға мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді;
4) банктің өткен жылға арналған қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің көшірмесін;
5) соңғы айға банктің қаржылық есептіліктің көшірмесін;
6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген уәкілетті орган банктерге қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың жоқтығы туралы және заем беру туралы өтініш беру алдындағы соңғы 12 (он екі) айдағы пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы қорытындыны;
7) кепіл мәніне меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
8) кепіл мәнін сипаттайтын мазмұны бар құжаттарды (кепіл түрі, оның жағдайы, баланстық және баға беру құны) ұсынады.
10. Консервациялау сатысында банктi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (банктi уақытша басқарушы), банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшiсi) және басқа банкке (банктерге) жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында банк активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде не толық мөлшерде беру туралы шартқа қатысушы банк қол қойғаннан кейін қатысушы банкпен шарт жасайды.
1) тараптардың толық атауы, олардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны жазылған кіріспе, шартқа (жарғы, ереже, сенімхат) қол қоюға уәкілетті тараптардың өкілдерінің өкілеттігін растайтын, олардың лауазымын, фамилиясын, атын (бар болса - әкесінің атын) растайтын құжатқа сілтеме;
3) заем сомасы, заемды ұсыну мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын шарттың талаптары, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, қамтамасыз ету тәсілдері;
4) депозиттерге міндетті кепілдіктер беруді жүзеге асыратын ұйым заемшы ұсынатын есептіліктің түрлері мен мерзімдері;
5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
6) шарт тараптары арасындағы есептеулер тәртібі;
7) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
9) тараптардың мекен-жайы және деректемелері болады.
12. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкпен заем шартына қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
13. Қатысушы банкке заемды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді кепіл (немесе) банк кепілдемесі түрінде ұсынған жағдайда беріледі.
14. Жылжитын және жылжымайтын мүліктер, оның ішінде бағалы қағаздар да кепіл мәні бола алады.
15. Заемшы заемды қамтамасыз ету үшін берген кепіл мәнінің жалпы құны берілетін заем және ол бойынша сыйақы сомасына тең болады.
16. Кепіл мәнін оның нарықтық немесе өзге құнын негізге ала отырып депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қабылдайды.
17. Заем шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету кепілдік түрінде кепілдік туралы жеке шартпен ресімделеді, ол заем шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
18. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым заемды берген кезде кепіл беруші кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттерін алатын қатысушы банк немесе үшінші тұлға болып табылады.
19. Кепіл туралы шарт бір мезгілде заем алушының заем бойынша берешекті толық өтеу мерзіміне заем шартын жасауды, тұрақсыздықты, есептелген сыйақыны және негізгі борышты қоса отырып, жазбаша түрде жасалады.
1) Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қамтитын кіріспе;
2) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепіл мәнін тапсыру бойынша тараптардың қатынасын көздейтін шарттың мәні, кепілге берілетін мүліктің түрі, оның бағалау құны, мүліктің тұрған жерінің жай-күйі, кепіл мәніне кепіл берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда кепіл мәнін тіркеу туралы мәліметтер, сондай-ақ шарттың кепілге салынған мүлігі бар тараптарын көрсету, кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімдері;
3) тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркеуге жататын кепіл мүлігін тіркеу бойынша тараптардың бірінің міндеттері, кепіл ұстаушының жазбаша келісімінсіз кепіл мәніне иелік етуге және кепілдікті қайта қоюға тыйым салу;
4) кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу тәртібі;
7) тараптардың мекен-жайы және деректемелері болады.
21. Кепіл шартында Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кепілге салынған мүлікті сақтандыру туралы талаптарын көрсетуге жол беріледі.
22. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке берілген заемды қайтару жөніндегі банктік кепілдік ретінде басқа қатысушы банктің не Қазақстан Республикасының резидент емес банктің кепілдігін қабылдайды.
23. Банк кепілдігін беретін қатысушы банкке қойылатын талаптар:
соңғы он екі ай ішінде пруденциалдық нормативтерді орындау;
соңғы жиырма төрт ай ішінде шағын резервтік талаптарды орындау;
соңғы жиырма төрт ай ішінде қаражаттардың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру талаптарын орындау;
банкке қатысты Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қолданыстағы ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы.
24. Кепілдікті Қазақстан Республикасының резидент емес банк ұсынған жағдайда, банк Қазақстан Республикасында берілген тәуелді рейтингтен (немесе оған сәйкес келетін рейтинг), агенттіктердің мына рейтингтердің бірінен төмен емес талап етiлетiн ең төменгi рейтингi бар болғаны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады:
25. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынылған заем (заемдар) бойынша кредиттік досьені ресімдейді және жүргізеді, онда кредиттік досьенің мазмұны жазылған бақылау парағы, Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар, заем, кепіл шарттары бар.
26. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілігінің (банктің уақытша басқарушысы) консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілігі (банктің уақытша басқарушысы) және қатысушы банк жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында банк активтері мен міндеттемелерін ішінара не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру туралы шартына қол қойғаннан кейін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді қабылдайтын қатысушы банкте депозиттерді орналастырады.
27. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиттерді теңгемен, сол сияқты шетел валютасымен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге орналастырады.
28. Депозиттерді орналастыру мерзімін және оның мөлшерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.
29. Депозиттерді орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк салымы шартын жасау жолымен жүзеге асырылады, онда депозиттің мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, біржақты тәртіппен шешілген сыйақы мөлшерін өзгертуге тыйым салу, депозитті орналастыру мерзімі көзделген.
30. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банк салымы шартына қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қатысушы банкпен оның көшірмесін жібереді.   
Полная версия
ИС BestProfi