Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2014
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7541 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 26.06.2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымының қызметі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы                                   Г. Марченко Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 86 қаулысымен бекітілді
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидалары
Осы Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметінің тәртібін, еншілес ұйым иемденген күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын мерзімді, сондай-ақ ол иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге (бұдан әрі - активтер) қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Қағидалар мақсатында күмәнді және үмітсіз активтер деп мыналар түсініледі:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 74 Қаулысымен  (24.02.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 12.06.2013 жылғы "Заң газеті" газетінде жарияланды
1) резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған активтер;
2) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлік және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығы;
3) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде олар қабылданған жағдайда, заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталында қатысу үлестері.
2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі күмәнді және үмітсіз активтерді иемденуді, өткізуді (сатуды), қайта құрылымдауды және (немесе) секьюритилендіруді қосқанда, оларды басқарудан басқа, басқа да функцияларды жүзеге асырумен және басқа да міндеттемелерді орындаумен байланысты емес.
3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйым қызметтің мына түрлерін:
1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын иемденуді;
2) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иемденуді;
3) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде оларды қабылдау жағдайларында, акцияларды және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін иемденуді;
4) мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беру немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануды;
5) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде иемденген (алынған) меншікті мүлікті өткізуді; 
6) күмәнді және үмітсіз активтерді өткізуді;
7) Заңының 11-2-бабының 5-тармағында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде қарыз беруді;
8) күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ меншікті мүлікті лизингке (оның ішінде – қаржылық), жалға немесе мүлікті ақылы уақытша пайдаланудың өзге нысанына табыс етуді;
9) күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуді;
10) жер учаскелері және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілері түріндегі күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылысқа, құрылысты аяқтауға және (немесе) жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қосуға бағытталған қызметті жүзеге асыруды;
11) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруды;
12) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша кепілге қойылған мүлікті өткізуді;
13) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, тәуелсіз бағалаушы компаниялардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерін иемденуді;
14) бас банк немесе бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның кепіліндегі акцияларды және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін иемденуді, басқаруды және (немесе) өткізуді;
15) осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген акциялар және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері бойынша дивидендтерді алуды;
16) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымы Қағидаларда көрсетілген және бас банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтер ретінде иемденген мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (лицензияланған қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіруді және өткізуді жүзеге асырады.
4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйым іс-шаралар жоспары болғанда, бас банктен активтерді иемденуді (қабылдауды) жүзеге асырады.
1) активтердің және (немесе) қамтамасыз ету түрлері бойынша мынадай бөлінген күмәнді және үмітсіз активтердің түрлері:
аяқталған коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлігі;
салынып жатқан коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлігі;
заңды және жеке тұлғалар қарыз алушыларға талап ету құқықтары (бұл ретте, корпоративтік қарыз алушылар экономиканың түрлері (салалары) бойынша бөлінеді), сондай-ақ кепіл ретінде қабылданған және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның меншігіне және бас банктің меншігіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткен күмәнді және үмітсіз активтер;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтердің бағалау құны бойынша ақпарат; 
3) күмәнді және үмітсіз активтердің әр түріне қатысты бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның іс-әрекетінің кезеңдері;
4) бас банк «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 62 және 63-баптарының талаптарын ескеріп, белгілеген активтердің әр түрін басқару мерзімі;
5) активтің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралардың сипаты, оның ішінде, қайта құрылымдау, қосымша қаржыландыру және капиталдандыру, жобалық қаржыландыру және (немесе) инвестициялау аясында активтің құнын өсіру;
6) активтерді иеленуден бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның кіріс алу көздері: өткізу, оның ішінде кепіл ретінде қабылданған және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның меншігіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткен активтерді сату, секьюритилендіру, жалға беру немесе ақылы уақытша қолданудың басқа да нысаны;
7) дауларды сотқа дейін шешу, шағым-талап өндірісі және ықтимал құқықтық және өзге де тәуекелдер шеңберінде жүргізілетін бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның іс-әрекеттерін сипаттау;
8) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның шығыстар мен кірістерін, сондай-ақ иемденген (өткізілген) активтер бойынша бас банк алдындағы міндеттемелерді өтеу (қамтамасыз ету) үшін арналған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысын болжау;
9) әкімшілік шығыстардың, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды басқаруға және оның шаруашылық қызметіне тартылған бас банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы беру бойынша әкімшілік шығыстардың мөлшері;
10) іс-шаралар жоспарын орындауға мониторинг жүргізу негізінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі жөніндегі есепті жасауға талаптар;
11) бас банктің және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның мониторингке және іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлері жөніндегі ақпарат қамтылған.
5. Іс-шаралар жоспары бас банктің Директорлар кеңесі мақұлдауына жатады. Егер Директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, активтерді өткізу жүргізілмейді.
6. Бас банк бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметіне бақылауды, оның ішінде іс-шаралар жоспары мен бизнес жоспардың орындалуына жыл сайын тексеруді жүзеге асырады.
7. Бас банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне іс-шаралар жоспары орындалуы жөніндегі, оның ішінде нақты кірістер мен шығыстар бойынша, сондай-ақ Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтер бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша мәліметтерді қамтитын тоқсан сайынғы ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылғы отыз бірінші наурыздан кешіктірмеген мерзімде ұсынады.
Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізген жағдайда, бас банк жаңартылған іс-шаралар жоспарын оны бас банктің директорлар кеңесі мақұлдаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
8. Иемденген (иемденетін) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар:
1) объектілері болып Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған күмәнді және үмітсіз активтер табылады;
2) активтерді жақсартуды, оның ішінде құрылысты аяқтау не активтің құнын арттыруға, сондай-ақ борышкерді жақсартуға бағытталған жұмыстарды және (немесе) іс-шараларды жүргізу жолымен активтерді жақсартуды көздейтін бизнес-жоспардың болуы, онда мыналар қамтылады:
берешектің бөлігін есептен шығару бойынша басқа да кредиторлар тарапынан қолдау шаралары, төлемді өтеудің графигі мен кезеңділігі өзгеруі, қаржыландырудың мерзімдерін ұзарту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұзарту, инвестициялық фазаны аяқтау мақсатында жобаны қосымша қаржыландыру, сондай-ақ қарызды қайта қаржыландырудың басқа да тәсілдері;
қоғамның жарғылық капиталын (капиталға қатысу үлестерін) өсіру бөлігінде борышкердің меншік иегерлері тарапынан қолдау шаралары, кредиторлар алдындағы қарызды толық өтеуге дейін борышкерлердің меншік иегерлері арасында борышкердің таза кірісін бөлмеу, борышкердің бизнес процестарын оңтайландыру;
борышкердің борышының бөлігін капиталға айырбастау, айналым капиталын және (немесе) ең төмен инвестициялық капиталды беру бөлігінде стратегиялық инвестор тарапынан қолдау шаралары;
3) құрылыс объектілері бойынша Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде бағалау қызметімен айналысатын бағалаушы жүзеге асырған құрылыс бойынша шығыстардың болжамы мен құрылыс аяқталуы бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын талдауы бар;
4) өткізілген талап ету құқықтары бойынша төменде аталған кредиттік тәуекелді төмендету талаптарының кемінде екеуі бір уақытта орындалады (қажеттілігі және осындай іс-шараларды бизнес-жоспарда көрсету жағдайында):
борышкерге берілген кредиттің жалпы мерзімін созу;
сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде бұдан бұрын есептелген немесе капиталдандырылған, бірақ төленбеген сыйақыға қатысты төмендету;
бас банктің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығарылуын жүзеге асыруы.
9. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйым банктік қарыз шарттары бойынша бас банктің берген талап ету құқықтары бойынша банктік заем операциясы бойынша кредитор (қарыз беруші) болып танылады және бас банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның пайдасына берген, банктік қарыз шарттарында белгіленген бас банктің барлық құқықтары мен міндеттерін иеленеді.
10. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымы бас банктің қабылданған (иемденген) активтерін осы активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін өткізеді. Осы талапты орындамаған жағдайда, активтер бас банктің ішкі құжаттарына сәйкес бас банкке кері қайтарылуына жатады.
Полная версия
ИС BestProfi