Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022
Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес  
Редакция 13.05.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2005 жылғы № 643 Қаулысымен (14.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2007 жылғы № 382 Қаулысымен (28.06.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; 
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
1-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде және Астана қаласының әкімдігінде қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Үкімет қаулыларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды деп белгіленсін.
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.12.2002 жылғы № 1300 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (19.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізілді 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 195 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 168* қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2008 жылғы № 535 Қаулысымен (14.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2010 жылғы № 641 Қаулысымен (04.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «қызметтiк хат-хабар секторы», «қызметтiк хат-хабар секторының», «қызметтiк хат-хабар секторына», «қызметтiк хат-хабар секторында», «Қызметтiк хат-хабар секторы» және «қызметтiк хат-хабар секторынан» сөздері «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының», «іс жүргізу және мұрағат секторына», «іс жүргізу және мұрағат секторында», «Іс жүргізу және мұрағат секторы» және «іс жүргізу және мұрағат секторынан» сөздерімен ауыстырылды ҚР 27.04.2012 жылғы № 540 Заңы бойынша (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 № 540 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2014 жылғы № 270 Қаулысымен (02.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2017 жылғы № 491 Қаулысымен (11.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (19.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізілді 01.01.2018 жылдан бастап)
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі – Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады.
Қызметтік ақпаратты және/немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін  пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (белгілеудің) оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттармен (бұдан әрі – электрондық хат-хабар), қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен (бұдан әрі – қағаз хат-хабар) жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi