Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2021
"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 588 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7937 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 15 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-305/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 тіркелген, орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жыл, және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, № 2, 2011 жыл, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік сипаттамалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі                       С. Қайырбекова
Еңбек және халықты         әлеуметтік қорғау министрі 
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 24 тамыздағы
 № 588 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 26 қарашадағы
 № 791 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.
Бухгалтер, экономист, заңгер, кадр жөніндегі маман, аудармашы, психолог, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы және өзге де мамандардың лауазымдарының біліктілік сипаттамалары барлық қызмет саласына ортақ мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың мамандарының жеке лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында анықталған.
Полная версия
ИС BestProfi