Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
«Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 28.07.2015 жылғы № 626 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 24 қарашадағы
 № 1374 қаулысымен
 бекітілген
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары
1. Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдарда азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
2. Консультациялық-диагностикалық көмекті:
1) консультациялық-диагностикалық орталықтар;
2) консультациялық-диагностикалық емханалар;
3) консультациялық-диагностикалық бөлімшелер көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
2) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
4) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
5) бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері - тәулік бойы медициналық бақылау жасамайтын, білікті медициналық көмек көрсететін учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері;
6) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібі
4. Пациенттерге консультациялық-диагностикалық көмекті медициналық ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді қамтитын медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну арқылы көрсетеді.
5. Бейінді маманның пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінің немесе басқа бейінді маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
6. Консультациялық-диагностикалық көмекке жіберу кезінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері немесе басқа бейінді маман клиникалық диагнозы мен зертханалық және аспаптық зерттеулерінің нәтижелерін көрсете отырып, жолдаманы, амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені (№ 027/е нысаны) ресімдейді.
7. Өңірлерден республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек алуға пациенттерді жіберуді облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанынан құрылған және жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар, ал Астана және Алматы қалаларынан медициналық ұйымдар (аумақтық емханалар, стационарлар, диспансерлер) жүзеге асырады.
Консультациялық-диагностикалық көмек алуға республикалық медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін медициналық ұйымның бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманы немесе бейінді маман өңірлік комиссияның қарауына құжаттар пакетін: пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін және клиникалық диагнозын, зерттеулердің нәтижелерін (қанның жалпы анализі, несептің жалпы анализі, нәжістің гельминттерге анализі, микрореакция, флюорография, электрокардиограмма, ультрадыбыстық зерттеу, биохимиялық анализдер) көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені (№ 027/е нысаны) жолдайды. Пациенттің құжаттары түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде өңірлік комиссия хаттамалық шешім қабылдайды.
Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету туралы оң шешім қабылданған кезде, өңірлік комиссия консультациялық-диагностикалық көмекке жолдама (№ 021/е нысаны) береді, оның нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Пациентке республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, өңірлік комиссия жолдама берген медициналық ұйымға жазбаша дәлелденген бас тартуды қоса бере отырып, құжаттарды қайтарады.
8. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінен немесе басқа бейінді маманнан жолдама болмаған жағдайда, сондай-ақ пациенттердің бастамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек ақылы негізде көрсетіледі.
9. Пациентті консультацияға жіберген бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігеріне немесе басқа бейінді маманға консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткен бейінді маман жүргізілген тексеру мен емдеу нәтижелері, сондай-ақ пациентті одан әрі тексеріп-қарау жөніндегі ұсынымдар (№ 071/е нысаны) көрсетілген консультациялық-диагностикалық қорытындыны ұсынады.
10. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері немесе басқа бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткен бейінді маманның ұсынымдарына сәйкес консультациялық-диагностикалық қорытындыны алғаннан кейін пациентті одан әрі бақылауды жүзеге асырады.
11. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы айғақтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен науқасты стационарлық емдеуге жібереді.
12. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы айғақтары болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және (немесе) анықтама береді немесе ұзартады, ал еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге ұсынымдар береді.
13. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіппен және мерзімде бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің берілуін қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi