"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 05.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қағидалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағаларды (тарифтерді) реттеу тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Ереже осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі - Оператор) қолданылады.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
2) оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) активтердің реттелетін базасы - Оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;
4) бөлектеп есепке алу - кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі.
5) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
4-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 299 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі
Полная версия