Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 839 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 29.04.2015 жылғы № 525 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 26 наурыздағы
 № 839 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірлесіп орындаушы – орындаушымен шарт (келісімшарт) бойынша жобаны іске асыру үшін тауарлар жеткізуді (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыратын тұлға;
2) жобаның бастамашысы – ғарыш қызметі саласындағы жобаға (бұдан әрі – жоба) бастамашы болуға шешім қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, өзге де мемлекеттік мекемелер, Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік және халықаралық ұйымдар);
3) орындаушы – ғарыш қызметі саласындағы жобаны әзірлеуді және іске асыруды басқаруға, оның ішінде ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және пайдалану жөніндегі қажетті құжаттаманы әзірлеуге жауапты тұлға;
4) тапсырыс беруші – оның мүддесінде ғарыш жүйесі немесе оның құрамдас бөліктері егер олар нақты ғарыш жүйесінен бөлек жасалатын болса, құрылатын және ғарыш жүйесін құруға техникалық тапсырманы бекіткен ұйым (мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік және халықаралық ұйымдар);
5) тұтынушы (түпкі пайдаланушы) – тапсырыс беруші немесе ғарыш жүйелерінің нысаналы міндеттерінің орындалу нәтижелерін өз мүдделерінде пайдаланатын (өнімді (қызметтерді) қабылдаушы) кез келген ұйым немесе жеке тұлға.
3. Ғарыш жүйелерін және олардың құрамдас бөліктерін құруға және пайдалануға (қолдануға) қатысатын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына, экология, техникалық реттеу, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға және Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Әскери және қосарлы мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) үдерісін ұйымдастыру мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау үдерісін және қару-жарақты, әскери техниканы, тауарлар мен қосарлы қолдану (мақсаттағы) технологияларын пайдалануды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
5. Ғарыш жүйелерін, сондай-ақ жүйелердің жекелеген құрамдас бөліктерін, егер олар нақты ғарыш жүйесінен жеке құрылса (жаңғыртылса), құру және пайдалану (қолдану) тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi