Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.07.2015 жылғы № 9-2/702 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 31 қазандағы
 N 1036 қаулысымен
 бекiтiлген
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Үлгі нысан өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2009 жылғы № 1728 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бiрлесiп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрi "Сақтандырушы" деп аталатын, ___________________ атынан ___________ негiзiнде әрекет ететiн ________________ бiр тараптан және "Сақтанушы" деп аталатын, ___________ атынан ____________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________________ екiншi тараптан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы (бұдан әрi - Заң) негiзiнде төмендегi туралы осы Мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (30.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша тексеру актісі (бұдан әрі - тексеру актісі) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысан бойынша Заңда көзделген талаптармен қолайсыз табиғат құбылысының (құбылыстарының) әсері мен егістіктің ішінара немесе толық жойылуы арасындағы себеп-тергеулік байланысты растайтын құжат;
2) пайда алушы - пайдасына шарт жасалған сақтандырушы немесе өзге тұлға;
3) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесінде өсімдік шаруашылығының өнімі жойылған немесе бүлінген (ұзақ мерзімді - құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетіспеуі, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, ауаның асыра ылғалдануы, су тасқыны, судың жетіспеуі, қуаңшылық; қысқа мерзімді бұршақ, нөсер, үсік шалу, қатты жел, сел) табиғат құбылысы;
4) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объектісі  - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының шығынын ішінара немесе толық өтеуге байланысты сақтанушының мөлшері Заңға сәйкес белгіленетін мүліктік мүдделері;
5) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) - бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) егістіктің толық жойылуы - одан әрі өсіруге және астық жинауға арналған шығындар астықтан түсетін болжамды кірістен асып түсетін, егістікке қолайсыз табиғат құбылысы әсерінің салдары;
7) егістіктің ішінара жойылуы - өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарынан түсетін бағалау немесе нақты кірісі міндетті сақтандыру шартын жасау сәтінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің мөлшерінен аз болатын егістікке қолайсыз табиғат құбылысы әсерінің салдары;
Полная версия
ИС BestProfi