Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2014
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6395 болып енгізілді
Тақырып өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 30.06.2014 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ж. Айтжанова
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі
Іріктеу тәртібі өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi - ҚЭН) әзiрлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ iрiктеуi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрленген және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың ҚЭН мазмұнын, әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмiн, сондай-ақ iрiктеу тәртiбiн айқындайды.
2. Ережелерде мына негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
1) дамуының стратегиялық құжаты - Ұлттық басқарушы компанияларының, ұлттық холдингтерiнiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, сондай-ақ квазимемлекеттiк секторының басқа да субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын өңдеу мен бекiту бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте бекiтiлген ұлттық басқарушы компанияларының, ұлттық холдингтердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте бекiтiлген квазимемлекеттiк секторының басқа да субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;
2) Инвестициялар - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттiк инвестициялар;
3) Инвестицияларды Алушы - жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражатты түпкiлiктi алушы болып табылатын, Инвестициялар есебiнен iс-шараларды iске асыратын заңды тұлға;
4) компонент - iс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлiгi;
5) қаржылық схема - қатысушылар арасындағы бюджеттiк ақшаның ағыны;
6) қатысушылар - Инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
Полная версия