1. Қоса берiлiп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2012
Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 317 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7296 тіркелді
Күші жойылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 07.11.2012 № 178 Бұйрығымен (20.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу";
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк қызмет регламенттерi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментi:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 317 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет регламенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу" 1. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостильдеу" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабаның 4-тармағына, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостильдеу" мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) апостиль – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамаға қол қоятын немесе мұрағаттық құжаттар көшірмеcін куәландыратын тұлғаның қол қоюын, сондай-ақ осы құжат жалғанған мөр немесе мөртабанның түпнұсқалылығын куәландыратын 13х13 см көлеміндегі арнайы мөртабан;
2) апостиль мөртабанын қоятын тұлға – Комитет төрағасының бұйрығымен апостиль қою және апостильге қол қою қызметі жүктелген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қызметкері;
3) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;
4) ҚФБ – құрылымдық-функциональдық тұлға.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Полная версия