Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2014
Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2012 жылғы № 1278 Қаулысымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.07.2011 № 842 (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2012 № 1278 Қаулысымен (22.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.10.2012 № 1278 (22.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.10.2012 № 1278 (22.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кiреберiс, 227-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz;
Полная версия
ИС BestProfi