Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2016
Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1106 Қаулысы
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2010 жылғы № 346 Қаулысымен (27.08.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 39 Қаулысымен (27.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 ж., № 38 (28516) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2010 жылғы № 346 Қаулысымен (27.08.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 39 Қаулысымен (27.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 ж., № 38 (28516) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 19 қарашадағы
 N 1106 қаулысымен
 бекітілген
Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2008 № 776, 23.04.2010 № 346, 27.05.2011 № 589 Қаулыларымен (19.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 39 Қаулысымен (27.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 ж., № 38 (28516) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы; 
Полная версия
ИС BestProfi