Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 783 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 353 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану  қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 13 тамыздағы
 № 923 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен белгіленеді.
3. Қағида меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – отандық тасымалдаушылар) қолданылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 508 қаулысымен (15.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2013 жылғы № 151 „Егемен Қазақстан„  Республикалық газетінде жарияланды;
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2013 жылғы № 1211 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс).
Қағида меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қолданылады:
2) жүк автомобильдері (олардың тіркемені қосқанда рұқсат етілетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тіркемені қосқанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2013 жылғы № 138 қаулысымен (05.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлік құралын жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретін құжат;
Полная версия
ИС BestProfi