Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және(немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1454 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 410 Қаулысына сәйкес
«Патологиялық-анатомиялық диагиостиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.02.2015 жылғы № 97 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 56-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 1454 қаулысымен
 бекiтiлген
Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже
1. Осы Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 56-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелеріне мыналар жатқызылады: патологиялық-анатомиялық бюролар, денсаулық сақтау ұйымдарының орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелері, стационарлық көмекті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелері.
2. Патологиялық-анатомиялық бюроның қызметін ұйымдастыру, міндеттері мен функциялары
3. Патологиялық-анатомиялық бюро (бұдан әрі – ПАБ) заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады, мынадай: елтаңбалы, қарапайым – дөңгелек, түсті, металл мөрлері және өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық атауы көрсетілген мөртаңбасы болады.
4. ПАБ-тың құрамына мынадай құрылымдық бөлімшелер (қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың бейініне және жұмыстың көлеміне қарай) кіреді:
1) гистологиялық зертханасы бар жалпы патология бөлімшесі;
2) гистологиялық зертханасы бар балалар патологиясы бөлімшесі;
3) цитологиялық зерттеулер бөлімшесі;
4) гистологиялық зертханасы бар инфекциялық патология бөлімшесі;
5) медициналық құжаттаманың, блоктар мен шыны препараттардың мұрағаты бар ұйымдастыру-консультациялық бөлімше;
Полная версия
ИС BestProfi