Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1350 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 24.02.2015 жылғы № 137 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1350 қаулысымен
 бекітілген
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының арасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу туралы жасалатын жазбаша шарт;
2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткiзу кестесi – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткiзу күнiн, басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып жасалатын кесте;
3) сатып алудың (сатудың) бiрыңғай бағасы – орталықтандырылған сауда-саттықтың бiрiншi сауда сессиясы барысында сұраныс пен ұсыныстың орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге сараланған кестесiн салыстырумен, белгіленген электр энергиясының бағасы;
4) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуға берілетін өтiнiм – электр энергиясының бағасын, көлемiн және жеткiзу мерзiмiн көрсете отырып, электр энергиясын сатып алу (сату) үшiн орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға арналған сауда-саттыққа қатысушының ресми мәлiмдемесi (өтiнiшi);
5) клирингтiк баға – «бiр күн бұрын» режимiнде спот-сауда-саттықтың қорытындылары бойынша электр энергиясын сатып алу-сатуды есептесу үшiн сұраныс пен ұсыныстың сараланған кестесін салыстырумен анықталған операциялық тәулiктiң әрбiр сағаты үшiн электр энергиясының бағасы;
6) төлемдi қамтамасыз ету – жасалған мәмiленiң тиiстi түрде орындалуын қамтамасыз етуші болып табылатын, берiлген өтiнiмдегi электр энергиясы көлемi құнының мөлшерiнде спот-сауда-саттықтардың өтуі басталғанға дейiн қызмет көрсететін банкке салатын орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы;
7) қызмет көрсететін банк – электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы айқындаған және сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың мiндеттемелерiн қаржылық реттеудi жүзеге асыратын банк;
8) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – нарық операторы);
9) сауда-саттық операторы – сауда жүйесiндегi жұмыс бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының оқытуынан өткен және парольдерге рұқсаты бар, сауда-саттыққа қатысуға байланысты ақпаратты енгiзуге құқылы электр энергиясының көтерме нарығы субъектiсiнiң жауапты қызметкерi;
10) табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңi – Қазақстан Республикасының су ресурстарын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес энергия өндiрушi ұйымдар – су электр станциялары су жіберуді жүзеге асыратын уақыт кезеңi;
Полная версия
ИС BestProfi