"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес «Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.09.2015 жылғы № 758 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 қаулысымен бекітілген
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейді.
2. Халыққа зертханалық диагностикалық көмекті зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын дербес денсаулық сақтау ұйымдары немесе ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Медициналық зертхана) көрсетеді.
3. Медициналық зертханалар:
1) осы қаулымен бекітілген зертханалық зерттеулердің негізгі түрлерін орындайтын жалпы үлгідегі зертханалар;
2) зертханалық зерттеулердің бір түрінің сериялық өндірісін орындайтын орталықтандырылған және/немесе мамандандырылған зертханалар;
3) экспресс-зертханалар;
4) өңірлік сараптамалық зертханалар;
5) Ұлттық референс-зертхана болып бөлінеді.
4. Медициналық зертхананың негізгі міндеттері:
Полная версия