Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1249 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 29.04.2015 жылғы № 523 Бұйрығын қараңыз
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 1 қазандағы
 № 1249 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін (бұдан әрі – ҒЗК) құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алғыжоба – өнімді әзірлеу негіздемесін және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану бойынша бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттаманың түрі;
2) дербес сынаулар (бұдан әрі – ДС) – ҒЗК аралас бұйымдарымен оның жұмыс істеуін тексермей-ақ жекелеген бұйымды эксперименттік өңдеу кезінде айқындалатын және жүргізілетін сынау түрлерінің жиынтығы;
3) авторлық қадағалау – бұл жасаушы ұйымның бұйымдарды жасауға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әзірлеуші ұйымның өкілеттілігі;
4) пайдалану қауіпсіздігі – берілген шарттарда ҒЗК пайдалану мерзімі ішінде қызмет көрсететін персоналдың денсаулығына, қоршаған ортаға, жақын орналасқан ғимараттар мен бұйымдарға залал келтіру тәуекелінің болмауын немесе оны мейлінше азайтуды қамтамасыз ететін пайдалану процесі қасиеттерінің жиынтығы;
5) пайдалануға беру – бұл ҒЗК жүйелерінің, құрамдас бөлігі агрегаттарының және тұтастай ҒЗК жұмыс істеуге дайындығы, оларды жөндеу, жұмыс істеу дұрыстығын тексеру және оны пайдалануға қабылдау комиссиясының қабылдау, сондай-ақ пайдаланушы ұйымның тиісті лауазымды адамдарына бекіту жұмыстарының жиынтығы;
6) ҒЗК бас әзірлеуші ұйым – әзірлеуші ұйымдар мен жасаушылар бірлесіп, тапсырыс берушінің тактика-техникалық тапсырмасына немесе техникалық тапсырмасына сәйкес тұтастай ҒЗК құру жұмыстарын жүргізетін ұйым;
7) ҒЗК бұйымын бас әзірлеуші ұйым – бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірлесіп ҒЗК-ні бас әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасына сәйкес ҒЗК бұйымын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйым (неғұрлым ірі құрылым бұйымы);
8) ҒЗК тіршілік циклы (олардың бұйымдары, материалдары) – әзірлеу, жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру, жою және кәдеге жарату процестері;
9) тапсырыс беруші – заңды немесе жеке тұлғаның мүддесінде құрылатын ҒЗК;
Полная версия
ИС BestProfi