«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысымен бекітілген
Ілеспе және (немесе)табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2012 жылғы № 1275 Қаулысымен (08.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.10.2012 жылғы № 1275 Қаулысымен (08.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган - мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату - газды алау етіп жағуды болдырмауға бағытталған барлық өндірістік іс-шаралар, атап айтқанда: газды өзінің техникалық және технологиялық мұқтаждығына пайдалану, электр энергиясын өндіру және сату, газ өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату, газды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтау үшін қабатқа айдау, сондай-ақ қабат қысымын ұстап тұру.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында айқындалған.
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібі
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға (бұдан әрі – газды жағу) рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2012 жылғы № 1275 Қаулысымен (08.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2013 жылғы № 309 Қаулысымен (08.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 49 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Газды жағуға рұқсат беруді (рұқсат беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидада көзделген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Полная версия