Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1497 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.10.2015 жылғы № 18-02/898 Бұйрығын қараңыз
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 26 қарашадағы
 № 1497 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық
 мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;
3) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
4) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
5) климатип – белгілі бір климаттық жағдайлардың әсерімен қалыптасқан экотип;
6) клон – вегетативтік көбейту жолымен бір бастапқы дарақтан немесе апомиктикалық тұқымнан алынған және бірдей генотипі бар барлық ұрпақтардың (рамет) жиынтығы;
7) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрiне, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
8) орман тұқымы плантациясы (бұдан әрі – ОТП) – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы бар сорттық, элиталық немесе бұдан тұқымдарын жүйелі жоғары түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;
9) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Полная версия
ИС BestProfi