"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.01.2015 жылғы № 7-1/37 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ведомство – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - ведомство);
ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2011 № 1090 Қаулысымен. (04.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.
5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.
6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның аумақтық бөлімшесінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е" символы қосымша енгізіледі.
7. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі береді.
8. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
Экспорт жүзеге асырылған жағдайда өндіріс объектісі қосымша экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сай болуы қажет.
9. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған қорытындыны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы береді.
10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған ветеринариялық-санитарлық қорытынды беруді республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
11. Ведомство есептік нөмірлер берілген өндіріс объектілерінің тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.
2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі
12. Есептік нөмір беру үшін өтінуші - өндіріс объектісі ведомствоның тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аудандық бөлімше), ведомствоның республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесіне:
1) есептік нөмір беруге өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі*
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтінуші - өндіріс объектісінің мөрімен және қолымен бекітілген ақпаратты ұсынады.
13. Аудандық бөлімше өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытындының негізінде аудандық бөлімше:
ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - облыстық бөлімше) есептік нөмір беруге сұрау мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыны жолдайды;
өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
14. Облыстық бөлімше есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны аудандық бөлімшеге жібереді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жібереді.
15. Аудандық бөлімше растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жібереді немесе қолына береді.
16. Ведомствосының Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
17. Ведомствоның Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде:
өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды;
осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жолдайды немесе қолына береді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жолдайды.
18. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтінуші — өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
1) өтінуші - өндіріс объектісі осы Ереженің 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынбаған;
2) өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген (және бұған қоса, экспорттаушы болып табылатын өтінуші - өндіріс объектілері үшін экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген).
19. Ведомство растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
20. Өндіріс объектісі растауды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, оған растауды берген ведомствоның аумақтық бөлімшесіне растаудың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде растаудың телнұсқасын беруді жүргізеді.
21. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Ережеге сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
22. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын берілген бірдейлендіру кодын беру және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растау осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес анықталатын есептік нөмір беру жолымен қайта ресімделуге (бұдан әрі - қайта ресімдеу) тиіс.
Өндіріс объектісі қайта ресімдеу үшін бұрын берілген бірдейлендіру кодын және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растаумен қоса, ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне өтініш жібереді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүргізеді.
23. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.
Ережеге 1-қосымша
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың бекітілген кодтары
Реттік N | коды | Облыстардың/аудандардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | C | Ақмола облысы |
2 | 01 | Ақкөл |
3 | 02 | Аршалы |
4 | 03 | Астрахан |
5 | 04 | Атбасар |
6 | 05 | Бұланды |
7 | 06 | Көкшетау қ. |
8 | 07 | Степногорск қ. |
9 | 08 | Егіндікөл |
10 | 09 | Еңбекші |
11 | 10 | Ерейментау |
12 | 11 | Есіл |
13 | 12 | Жақсы |
14 | 13 | Жарқайың |
15 | 14 | Зеренді |
16 | 15 | Қорғалжын |
17 | 16 | Сандықтау |
18 | 17 | Целиноград |
19 | 18 | Шортанды |
20 | 19 | Щучье |
21 | B | Алматы облысы |
22 | 01 | Ақсу |
23 | 02 | Алакөл |
24 | 03 | Балқаш |
25 | 04 | Еңбекшіқазақ |
26 | 05 | Ескелді |
27 | 06 | Жамбыл |
28 | 07 | Іле |
29 | 08 | Қарасай |
30 | 09 | Қаратал |
31 | 10 | Кербұлақ |
32 | 11 | Көксу |
33 | 12 | Панфилов |
34 | 13 | Райымбек |
35 | 14 | Сарқант |
36 | 15 | Талғар |
37 | 16 | Ұйғыр |
38 | 17 | Қапшағай қ. |
39 | 18 | Талдықорған қ. |
40 | 19 | Текелі қ. |
41 | D | Ақтөбе облысы |
42 | 01 | Әйтеке би |
43 | 02 | Алға |
44 | 03 | Байғанин |
45 | 04 | Ақтөбе қ. |
46 | 05 | Ырғыз |
47 | 06 | Қарғалы |
48 | 07 | Мәртөк |
49 | 08 | Мұғалжар |
50 | 09 | Темір |
51 | 10 | Ойыл |
52 | 11 | Қобда |
53 | 12 | Хромтау |
54 | 13 | Шалқар |
55 | E | Атырау облысы |
56 | 01 | Атырау қ. |
57 | 02 | Жылыой |
58 | 03 | Индер |
59 | 04 | Исатай |
60 | 05 | Қызылқоға |
61 | 06 | Құрманғазы |
62 | 07 | Мақат |
63 | 08 | Махамбет |
64 | F | Шығыс Қазақстан облысы |
65 | 01 | Өскемен қ. |
66 | 02 | Аягөз қ. |
67 | 03 | Зыряновск қ. |
68 | 04 | Курчатов қ. |
69 | 05 | Семей қ. |
70 | 06 | Риддер қ. |
71 | 07 | Абай |
72 | 08 | Аягөз |
73 | 09 | Бесқарағай |
74 | 10 | Бородулиха |
75 | 11 | Глубокое |
76 | 12 | Жарма |
77 | 13 | Зайсан |
78 | 14 | Зырян |
79 | 15 | Катон-Қарағай |
80 | 16 | Көкпекті |
81 | 17 | Күршім |
82 | 18 | Тарбағатай |
83 | 19 | Ұлан |
84 | 20 | Үржар |
85 | 21 | Шемонаиха |
86 | H | Жамбыл облысы |
87 | 01 | Байзақ |
88 | 02 | Жамбыл |
89 | 03 | Жуалы |
90 | 04 | Қордай |
91 | 05 | Мерке |
92 | 06 | Мойынқұм |
93 | 07 | Т.Рысқұлов |
94 | 08 | Сарысу |
95 | 09 | Талас |
96 | 10 | Шу |
97 | 11 | Тараз қ. |
98 | L | Батыс Қазақстан облысы |
99 | 01 | Ақжайық |
100 | 02 | Бекейорда |
101 | 03 | Бөрлі |
102 | 04 | Жаңақала |
103 | 05 | Жәнібек |
104 | 06 | Зеленов |
105 | 07 | Қазталов |
106 | 08 | Қаратөбе |
107 | 09 | Сырым |
108 | 10 | Тасқала |
109 | 11 | Теректі |
110 | 12 | Шыңғырлау |
111 | 13 | Орал қ. |
112 | P | Қостанай облысы |
113 | 01 | Алтынсарин |
114 | 02 | Аманкелді |
115 | 03 | Әулиекөл |
116 | 04 | Денисовка |
117 | 05 | Жангелді |
118 | 06 | Жітіқара |
119 | 07 | Қамысты |
120 | 08 | Қарабалық |
121 | 09 | Қарасу |
122 | 10 | Қостанай |
123 | 11 | Меңдіқара |
124 | 12 | Наурызым |
125 | 13 | Сарыкөл |
126 | 14 | Таранов |
127 | 15 | Ұзынкөл |
128 | 16 | Федоров |
129 | 17 | Қостанай қ. |
130 | 18 | Арқалық қ. |
131 | 19 | Лисаковск қ. |
132 | 20 | Рудный қ. |
133 | M | Қарағанды облысы |
134 | 01 | Абай |
135 | 02 | Ақтоғай |
136 | 03 | Бұхар-Жырау |
137 | 04 | Жаңаарқа |
138 | 05 | Қарқаралы |
139 | 06 | Нұра |
140 | 07 | Осакаров |
141 | 08 | Ұлытау |
142 | 09 | Шет |
143 | 10 | Қарағанды қ. |
144 | 11 | Балқаш қ. |
145 | 12 | Жезқазған қ. |
146 | 13 | Қаражал қ. |
147 | 14 | Приозерск қ. |
148 | 15 | Саран қ. |
149 | 16 | Сәтпаев қ. |
150 | 17 | Теміртау қ. |
151 | 18 | Шахтинск қ. |
152 | N | Қызылорда облысы |
153 | 01 | Арал |
154 | 02 | Қазалы |
155 | 03 | Қармақшы |
156 | 04 | Жалағаш |
157 | 05 | Сырдария |
158 | 06 | Шиелі |
159 | 07 | Жаңақорған |
160 | 08 | Қызылорда қ. |
161 | 09 | Байқоңыр қ. |
162 | R | Маңғыстау облысы |
163 | 01 | Бейнеу |
164 | 02 | Қарақия |
165 | 03 | Маңғыстау |
166 | 04 | Түпқараған |
167 | 05 | Ақтау қ. |
168 | 06 | Жаңаөзен қ. |
169 | 07 | Мұнайлы |
170 | S | Павлодар облысы |
171 | 01 | Павлодар қ. |
172 | 02 | Ақсу қ. |
173 | 03 | Екібастұз қ. |
174 | 04 | Ақтоғай |
175 | 05 | Баянауыл |
176 | 06 | Железинка |
177 | 07 | Ертіс |
178 | 08 | Қашыр |
179 | 09 | Лебяжье |
180 | 10 | Май |
181 | 11 | Павлодар |
182 | 12 | Успен |
183 | 13 | Шарбақты |
184 | T | Солтүстік Қазақстан облысы |
185 | 01 | Айыртау |
186 | 02 | Ақжар |
187 | 03 | Аққайың |
188 | 04 | Есіл |
189 | 05 | Жамбыл |
190 | 06 | М. Жұмабаев |
191 | 07 | Қызылжар |
192 | 08 | Мамлют |
193 | 09 | Ғ. Мүсірепов |
194 | 10 | Тайынша |
195 | 11 | Тимирязев |
196 | 12 | Уәлиханов |
197 | 13 | Шал ақын |
198 | 14 | Петропавл қ. |
199 | X | Оңтүстік Қазақстан облысы |
200 | 01 | Арыс |
201 | 02 | Бәйдібек |
202 | 03 | Қазығұрт |
203 | 04 | Мақтаарал |
204 | 05 | Ордабасы |
205 | 06 | Отырар |
206 | 07 | Сайрам |
207 | 08 | Сарыағаш |
208 | 09 | Созақ |
209 | 10 | Төлеби |
210 | 11 | Түлкібас |
211 | 12 | Шардара |
212 | 13 | Шымкент қ. |
213 | 14 | Арыс қ. |
214 | 15 | Түркістан қ. |
215 | 16 | Кентау қ. |
216 | А | Алматы қ. |
217 | 01 | Алатау |
218 | 02 | Алмалы |
219 | 03 | Әуезов |
220 | 04 | Бостандық |
221 | 05 | Жетісу |
222 | 06 | Медеу |
223 | 07 | Түріксіб |
224 | Z | Астана қ. |
225 | 01 | Алматы |
226 | 02 | Есіл |
227 | 03 | Сарыарқа |
Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары
Реттік N | Қызмет түрі | Коды |
1 | Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері | K |
2 | Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: етті қайта өңдеуші кәсіпорындар; сою пункттері; сою алаңдары; құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар | U1 U2 U3 U4 |
3 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: ет; балық және балық өнімдері; бал және ара шаруашылығы өнімдері; жануарлардан алынатын шикізат | G1 G2 G3 G4 |
4 | Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | Y |
5 | Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | V |
6 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер | W |
7 | Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | O |
Ескертпе:
Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
бірінші белгі - елдің коды - КZ;
екінші белгі - облыстың литерлік коды;
үшінші белгі - ауданның реттік нөмірі;
төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
бесінші белгі - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы белгі - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е КZ - елдің коды;
С - облыстың литерлік коды;
01 — ауданның коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 — өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е — экспорттаушы.
Ережеге 2 қосымша/ Приложение 2 к Правилам
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства
Осы растау/Настоящее подтверждение выдано_________________________
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы/полное наименование юридического лица) бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
__________________________________________________________________ (қызмет түрін көрсету /указать вид деятельности)
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "___"______ N қаулысымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 2009 жылғы "___"________ N есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от "___"___ 2009 г. N____, ему присвоен учетный номер ________ от "___" _____ 20 ____ г.
Басшы/Руководитель __________________ ________________________ (Т.А.Ә/Ф.И.О.) (қолы/подпись)
М.О/М.П.
"___" _______ 20___ ж./г.
Полная версия