Близость слов: Окончание:





Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 9 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4860 болып енгізілді.
Атауға өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 137 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 137, 27 (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2010 № 183 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 137 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрағасы Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2007 жылғы 25 маусымдағы N 177
 қаулысымен бекітілген
Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар
Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 137 (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық процеске, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге, сақтандыру бойынша бірыңғай деректер базасының (бұдан әрі- дерекқор) сақталуына және үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - Ұйым) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда, өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 137, 27 (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2010 № 183 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 101 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз (өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Талаптарда Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының [[Заңында|521462349] белгіленген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26.09.2009 № 216; 03.09.2010 № 137, 27 (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2010 № 183 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысымен (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 101 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз (өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін басқарушы (бұдан әрі – басқарушы) – Ұйымның және дерекқорды пайдаланушының электронды деректерді алу және (немесе) беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оларды қорғау шараларын іске асыратын, келіп түскен және (немесе) беріліп отырған ақпаратты оның функциялары мен өкілеттігін ескере отырып генерациялауды қамтамасыз ететін қызметкері;
2) ақпараттық қауіпсіздік саясаты – шектеулі таратылатын ақпаратты басқаруды, қорғауды және бөлуді реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер;
3) бірдейлендіру – ұсынылған деректемелердің жүйеде бар деректемелермен сәйкес келуін айқындау арқылы кіру субъектісі мен объектісінің түпнұсқалығын растау;
Полная версия
ИС BestProfi