1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелері бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2009
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 363 Жарлығы
Жарлықтың күшін жойды ҚР Президентінің 26.08.2009. № 861 Жарлығымен (05.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. "Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 1401 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 363 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-бөлім. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Орта мерзімді жоспар ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат ), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін айқындау;
3) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау;
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;
5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
Полная версия

