Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 жылғы № 4-1/546 Бұйрығын қараңыз
Редакция 08.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабы 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1676 қаулысымен
 бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары
Осы Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсiпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептiру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресiмдеу және есепке алу, астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртiбiн айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.08.2013 жылғы № 811 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) астық иесi – астығын астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;
2) астық партиясы – астық сапасы туралы мәлiметтерi бар құжаттармен ресiмделген, бiр жылғы егiннiң сапасы бойынша бiртекті оқшауланған астық мөлшері;
3) астықтың сандық-сапалық есебi – астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесiнде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тiркеу жүйесi;
4) жеке шот – астық қабылдау кәсiпорны әрбiр астық иесi, сыныбы және сорты бойынша жеке жүргiзетiн астықтың сандық-сапалық есебi кітабының құрамдас бөлігі;
5) есеп актісі – астық иесiне жiберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының мөлшерін айқындау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жасайтын құжат;
6) есептелген нақты салмағы – ылғалдылығы, арамшөптi және дәндi қоспа бойынша астық иесi мен астық қабылдау кәсiпорны арасындағы шартта айқындалған және астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн нормаларға келтірілген астықтың нақты салмағы;
7) материалдық жауапты тұлға – сақтауға қабылданған астықтың сандық-сапалық сақталуына жауап беретін астық қабылдау кәсiпорнының лауазымды тұлғасы;
8) мемлекеттiк астық инспекторы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының инспекторы;
Полная версия
ИС BestProfi