Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2015 жылғы № 18-02/937 Бұйрығын қараңыз
Редакция 21.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі - ОТП) - тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) - ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасандыдан сирек) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
3) артықшылығы бар екпелер - орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған жоғары өнімді және тұрақты екпелер;
4) аналық плантациялар - оларды көптеп көбейту және ұластырған шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалану арқылы құрылатын плантациялар;
5) клондық ОТП - артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдаланып құрылатын ОТП;
6) тұқымдас ОТП - артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген көшеттерді немесе екпе көшеттерді отырғызумен құрылған ОТП;
7) вегетациялық кезең - өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
8) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Полная версия