Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 19 қаңтардағы
 № 109 қаулысымен
 бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.
Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
2-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысымен (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„  Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысымен (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi